Біліктілік: металлургия бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы мен мазмұны: металлургия - бұл металдарды және балқымаларды кендерден және басқа материалдардан алатын үрдістердің ғылым және техника өндірісі саласы. Қазақстанда металлургияның даму келешегі вольфрам (әлемдік қордың 50%), уранның (25%), хромның (23%), қорғасынның (19%), мырыштың (19%), мыстың (10%), темірдің (10%), марганец, күміс, алтын, сирекжер металдар, титан, осмий, рений, сонымен қатар шойын, ерекше физикалық қасиеті бар болат және ферробалқымалар өндірісінің дамуымен байланысты.
Металлургия саласы дамымай, машина жасау, құрылыс, пайдалы қазбаларды өңдеу, энергетика, ракеталық техника, ұшақ жасау, ядролық физика, химиялық өндіріс дамымайды. Қазіргі заманның техника саласының: радиоэлектроника, есептеу техникасы, лазерлік техниканың кең дамуы аса таза металдар мен қосылыстар металлургиясының жетістіктеріне байланысты.
Жұмысқа орналасу орындары: «Ачполиметалл» АҚ, «Оңтүстiк полиметалда» ААҚ, Талдықорған аккумулятор зауытында, «Балқашмыс», «Жезқазғанмыс», «Қазақ мырыш», ферробалқымалар өнеркәсiптерiнде, металлургия және байыту институтында (Алматы қаласы), Теміртау - болат, ферробалқымалар өндірісі, Ақтөбе, Ақсу, Тараз - ферробалқымалар (ферросилиций, ферромарганец, ферросиликомарганец, феррохром) өндірісі, Өскемен және Шығыс Қазақстан облысындағы - мырыш, қорғасын, ядролық отын, алтын, күміс, титан сирек жер элементтер өндірісі, Балхаш - Мыс, өндірісі, Жезқазған - мыс өндірісі, Шиелі (Қызылорда ауданы), Таукент (ОҚО) - уран алудың аралық материалдар өндірісі, Павлодар - алюминий өндірістері, Химиялық-металлургиялық институтта (Қарағанды қаласы), Минералды шикізатты кешенді өңдеудің халықаралық орталығында (Алматы, Өскемен ққ.), КазНТУ, ВКГУ, ПавГУ, т.б.қызмет етедi.
050709 - Металлургия мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын ЖООдары:
І. Ұлттық ЖООдары: