Мамандандырулар: Машинажасау технологиясы
Ауылшаруашылық машинажасау технологиясы
Біліктілігі: Машинажасау бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы мен мазмұны: Бітірушілердің кәсіптік
қызметінің нысандары басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар,
әскери-өнеркәсіптік кешені, индустрия, ауыл және коммуналды шаруашылық,
өндірістік және тұтыну салалары; мемлекеттік және мемлекеттік емес
меншік түріндегі ұйымдар. Кәсіби қызметінің мазмұнына
өндірістік-технологиялық, жобалық конструкторлық, тәжірибелік-зерттеу,
ұйымдастыру-экономикалық және басқару қызметі құралдары жиынтығы,
тәсілдер мен әдістер, сол сияқты жобалаудың қазіргі кезеңдік әдістерін
қолдану негізінде машина жасау өнімдерін бәсекелесуге қабілетті етіп
дайындауға бағытталған есептік-жобалау құралдары кіреді.
Жұмысқа орналасу орындары: Авиакосмостық машина жасау саласы;
транспорттық (теміржол, автомобиль) машина жасау саласы; мұнай-газ
өндірісі; тау-кен өндірісі; химиялық машина жасау; энергетикалық сала;
жеңіл және тамақ өндірісі; жоғары оқу орындары; ауыр машина жасау;
халықтық тұтыну тауарлары өндірістері және барлық жөндеу өндірістері.