Біліктілігі: органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавры
Мамандандырулары: Мұнай, газ және көмірдің химиялық
технологиясы;
Мұнайхимия өндірісінің технологиясы;
Көмірсутектерді, шикізаттарды дайындау, өндіру
және тасымалдау процестерінің химиялық
технологиясы.
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: қызмет ету саласына мамандарды қазіргі химия мен мұнай, газ және көмірді өңдеу технологиясы, полимерлерді, эластомерлерді, сыр - бояу материалдарымен қаптамаларды өңдеу химиясы мен технологиясы саласында кәсіби жұмыс істеуге дайындайды.
Қызмет мақсаты қазіргі өндіріс талаптарына сай зерттеу әдістерін, құрал-жабдықтарды, жаңа технологияны жасау мен енгізу; еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету, техникалық құжаттарды жүргізу болып табылады. Бітіруші түлектер білімін ары қарай «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистатурада, РhD-докторантурада жалғастыра алады.
Жұмысқа орналасу орындары: Қазақстан Республикасының мұнай мен газды өңдеу зауыттарында(Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ(ЖШС «ПКОП»),Павлодар МХЗ, Қазақ ГӨЗ, Жаңажол ГӨЗ, КазТрансОйл, КазТрансГаз, КазМұнайГаз),мұнай, газ және көмірді өндіру, тасымалдау және сақтайтын кәсіпорындары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары мен мекемелері; жоғары және орта кәсіптік оқу орындары; облыстық, қалалық және аудандық мұнай, газ және көмірмен қамтамасыз ету базалары; полимерлерді, синтетикалық каучуктерді, қабыршықты материалдарды өндіретін және өңдейтін кәсіпорындар жатады.
050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын ЖООдары:
І. Ұлттық ЖООдары:
ІІ. Мемлекеттік ЖООдары:
ІІІ. Меншік ЖООдары: