Біліктілігі: Құрылыс бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы мен мазмұны: Мамандар құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, тау-кен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласында қызмет жасай алады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, кұрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады. Мамандық бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: ғимараттарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын атқаратын; құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару; ғимараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау; муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылыстық жұмыстарын ұйымдастыру; жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.
Жұмысқа орналасу орындары: Жобалау және ғылыми-зерттеу факультеттері; құрылыс ұйымдары мен мекемелері; жоғары оқу орындары мен колледждер; құрылыс саласының коммерциялық құрылымдары; жер комитеттері мен коммунальдық құрылымдар; қала құрылысы басқармалары; түрлі деңгейдегі әкімшіліктер және құрылыс департаменттері; жобалау факультеттері; жол құрылысы ұйымдары мен мекемелері; мұнай-химия зауыттары; водоканал; шығынды суларды тазалау мекемелері; жылу және энергетикалық орталықтар; гидроэлектростанциялар; газбен, жылумен қамтамасыз ететін мекемелер; СЭС, қоршаған ортаны қорғау басқармаларында жетекші, инженер, конструктор, инженер-технолог, механик, техник қызметін атқара алады.
050729 - Құрылыс мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын
ЖООдары:
І. Ұлттық
ЖООдары: