Біліктілігі: Агроинженерия бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы мен мазмұны: Агроинженерия бакалавры келесі қызметтерде жұмыс істей алады: 1 категориялы техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, ауылшаруашылығы өндірісінің технологы, жобалаушы және келесі қызмет түрлерін орындай алады: машиналық агрегаттарды, механикаландырылған, электрлендірілген және автоматтандырылған технологиялық желілерді құрау және оларды баптау; жөндеу-технологиялық және энергетикалық жабдықтарды таңдау, монтаждау және баптау; ауыл шаруашылығы өнімдерін механикаландырылған, электрлендірілген және автоматтандырылған жолмен өндіруді, сақтауды және өңдеуді ұйымдастырушылық-технологиялық дайындау; технологиялық желілердің гидравликалық, жылулық, электрлік жабдықтарын және автоматикалық құралдарын іріктеп алу және тиімді пайдалану; ауыл шаруашылығында және осы саланы инженерлік-техникалық қамтамасыз ететін кәсіпорындарында маркетингтік ізденістерді жүргізу, менеджмент пен агробизнесті ұйымдастыру.
Жұмысқа орналасу орындары: Фермерлік және жеке шаруашылықтар, өндірістік кооперативтер, машина-трактор станциялары (МТС), ауылшаруашылығын басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері және конструкторлық бюролар
050806 - Агроинженерия мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын ЖООдары:
І. Ұлттық ЖООдары:
1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ІІ. Мемлекеттік ЖООдары:
ІІІ. Меншік ЖООдары: