Басты бет | Тіркеуден өту | Кіру | RSSВторник, 22.01.2019, 05:58

Сенің болашағың өз қолыңда!

Сайттың мәзірі
Категориясы
Оқу орныдары туралы [1]
Мамандықтар бойынша [1]
Біздің сұраныс
Сайтқа баға беріңіз
Барлық жауабы: 787
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру формасы

Мақалалар тізімі

Главная » Статьи » Мамандықтар бойынша

Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не және оның негізгі міндеттері қандай?

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттесттауының бір түрі. Ол техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіруді көздейді.

ҰБТ өткізудің қажеттілігі неде және оның мақсаты не? 
ҰБТ - білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру. Ұлттық бірыңғай тестілеудің мақсаты – жоғары білім алудағы барлық бітірушілердің тең дәреджеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.

Білім грантын алу үшін не қажет?
Ағымдағы жылы талапкерлер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін кешенді тестілеуден өтіп сертификат алуы қажет. Конкурс бойынша жоғары балл кімде болса сол білім грантына ие болады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қай мерзімде беру қажет және осы өтініштерді қай жерде толтыруға болады?
 ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында. Тестілеуге қатысуға өтініш бланкілерін жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері өздері оқитын мектетерінде толтырады.

Тестілеу өткізудің мерзімі өзгереді ме?
 ҰБТ ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес тестілеу 1 мен 10 маусым аралығында өткізіледі.

ҰБТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?
ҰБТ 5 пән бойынша өткізіледі.
Міндетті пәндер:
1)Математика;
2) Қазақстан тарихы;
3)Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі);
4) Қазақ тілі орыс тілінде оқытатын мектептер үшін, немесе орыс тілі қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін;
 5) жоғары оқу орындарына Қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес таңдалған мамандықтарға байланысты пәндердің біреуі (5-пән ҰБТ кезінде көрсетіледі): Физика, Химия, Биология, География, Дүниежүзі тарихы, Қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті) және Шет тілі.

ҰБТ өткізуде әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны қанша болады және ол тапсырмаларды шешуге қанша уақыт бөлінеді?
ҰБТ-да әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Тест тапсырмаларының жалпы саны 125. Кешенді тестілеуде әр пән бойынша 30 сұрақтан. Үш пән бойынша барлығы 90 тест тапсырмасын құрайды.

Тестілеу өткізуді кімдер бақылайды?
Мемлекеттік комиссия құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық) білім департаментінің (басқармаларының) директорлары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК), қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жастар және студенттік, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді. ҰБТ өткізу технологиясының қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін тестілеу өткізу пункттеріне Білім және ғылым министрлігінің өкілетті өкілдері жіберіледі. Сонымен қатар емтиханның өту барысын бақылау мақсатында тест өту кезінде өзінің баласы отырмаған басқа аудиторияға тестке қатысушылардың ата-аналары кіре алады.

Емтихан материалдарының құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылады?
ҰБТ-ға дайындық барысында емтихан материалдарын қалыптастыру кезінде арнайы орындарында ҚР ҰҚК өкілдері кезекшілік ұйымдастырады. Емтихан материалдарын қалыптастыратын барлық кабинеттер үзіліссіз жазба жүргізетін байқау камераларымен жабдықталған. Тесттер құрылатын және сервер орнатылған кабинетте қосымша дабыл сигналымен жабдықтандырылған. Емтихан материалдарын құру процесіне қатысы бар компьютерлер мен тесттер деректер базасының серверіне кіруіне шек қойылған. Тестілеуден кейін Білім министрлігінің өкілдеріне, мемлекеттік комиссия төрағаларына және ҰҚК өкілдеріне арналған дұрыс жауаптар кодынан басқа дұрыс жауаптар кодын ашуға арналған парольдер құрылады. Барлық тесттердің дұрыс жауаптар коды тестілеу өткізілген күні тесттер деректер базасының серверінде құрылады.
 
Егер бітіруші емтихан күні ауырып қалса, ҰБТ-ны кейін тапсыруға болады ма?

Ауырып қалған бітіруші емтиханды келесі күндері тапсыруына болады, бірақ ҰБТ өткізілетін күндері 1 маусым мен 10 маусым аралығында болуы тиіс. Егер, талапкер денсаулығына байланысты аталған мерзімде сауыға алмаған жағдайда ол әдеттегі емтихан тапсырып, аттестат алуына құқылы. Ал ЖОО-ға түсу бойынша мәселелердің әрбірі жеке қарастырылады.

Егер талапкер ҰБТ нәтижесімен келіспесе, не істеуі қажет?
ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес, егер бітіруші алған балына келіспесе немесе тест тапсырмаларының сапасы бойынша ескертуі болса, әрбір ҰБТ өткізу пунктінде құрылған апелляциялық комиссияға өтініш беруіне құқылы. Апелляцияға өтініштер ҰБТ нәтижесін хабарлағаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және бір тәуліктің ішінде апелляциялық комиссияда қарастырылады. Апелляциялық комиссия құрамына тестілеудің барлық пәндері бойынша мектептердің жетекші мұғалімдері кіреді.
 
Ұлттық бірыңғай тестілеу қайда өткізіледі?
 ҰБТ арнайы жабдықталған тестілеу өткізу пункттерінде өткізіледі. Елімізде тестілеу өткізетін 154 пункт қызмет етеді, олардың 51-і ЖОО базасында және 103-і аудан орталықтарындағы мектеп базасында орналасқан.

Жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріне түсу үшін қанша балл жинау қажет?
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақылы бөліміне түсу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша ең төменгі балл деңгейі 60 балды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, ал қалған пәндерден кемінде 3 балл болуы тиіс.
 
Кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау мен тестілеу өткізу мерзімі өзгереді ме? 
Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі 20 маусым мен 9 шілде аралығында. Кешенді тестілеу 17 шілде мен 23 шілде аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеу қандай пәндер бойынша өткізіледі?

Кешенді тестілеу таңдалған мамандығына байланысты келесі пәндерді қосқанда төмендегі 4 блок бойынша өткізіледі:
1 блок – Математика, физика, химия;
2 блок – Математика, химия, биология;
3 блок – Қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, дүниежүзі тарихы;
4 блок - Математика, география, тарих дүниежүзі тарихы.

Ұлттық бірыңғай мен кешенді тестілеудің өткізу уақыты өзгерді ме?
ҰБТ-ға 3 сағат, ал кешенді тестілеуғе тест тапсырмаларын орындауға 2 астрономиялық сағат беріледі.

Талапкерлерге кешенді тестілеу қайда өткізіледі? 
Кешенді тестілеу Министрліктің арнайы бұйрығымен бекітілген облыс орталықтарында орналасқан жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Білім гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініштерді қайда және қай мерзімде беруге болады?
ҚР жоғары оқу орындарына қабылдаудың Типтік ережесіне сәйкес білім гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі 22 шілде мен 31 шілде аралығында. Өтініштерді Білім және ғылым ми-нистрлігімен бекітілген ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Талапкер өтініште қанша мамандық таңдай алады? 
Талапкер білім грантын алу конкурсына қатысу үшін өтінішінде пәндері сәйкес болған жағдайда төрт мамандықты көрсете алады.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін кемінде қанша балл болуы қажет?
Білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін және студенттер қатарына қосылу үшін кешенді тестілеуден кемінде 45 балл, оның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан, ал қалған пәндерден 3 балдан кем болмауы қажет.

Білім гранттарын тағайындау қандай тәртіпте жүргізіледі?
Білім грантын тағайындау конкурстық негізде нақты мамандықтар және тіл бөлімдері бойынша бекітілген мемлекеттік тапсырыс көлемінде жүргізеді. Тағайындауды Министрліктің конкурстық комиссиясы оның жұмыс ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Білім беру гранттары Үлгі ережеге сәйкес басым құқыққа ие азаматтарға бірінші кезекте беріледі. Бұдан әрі мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша мемлекеттік сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы білім гранттарын бөлу барысында қандай жеңілдіктер қарастырылады?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес ЖОО-ларға қабылдауда мынадай адамдарға жеңілдіктер қарастырылған: бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бала кезден мүгедектерге, мүгедек балаларға; жеңілдіктері теңестірілген, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне; ауылдың (село) әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға өтініш берген ауыл (село) жастары үшін; Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, қазақ ұлтының өкілдеріне.

Материал Маңғыстау облыстық Білім басқармасының веб-сайтынан алынды

 
Категория: Мамандықтар бойынша | Добавил: Бопиш) (20.02.2011) | Автор: Риза Бахтинова E
Просмотров: 8332 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мәлімет іздеу
Біздің сайттың достары
  • Сайт құру
  • Бәрі веб-мастерлар үшін
  • Программалар

  • Семей қаласы © 2019