Басты бет | Тіркеуден өту | Кіру | RSSСреда, 16.06.2021, 22:36

Сенің болашағың өз қолыңда!

Сайттың мәзірі
Біздің сұраныс
Сайтқа баға беріңіз
Барлық жауабы: 791
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру формасы

Білім беру грантын беру тәртібі

1. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия  өткізеді.

2. Комиссия білім саласындағы уәкілетті органның  қызметкерлері, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, жоғары оқу орындарының  (бұдан әрі – ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.

3. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.. Білім беру гранттарын талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.

4.   Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді.

Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер            23 – 31 шілде кезеңінде қабылданады.

5. Осы Ереженің 6 және 6-1-тармақтарында көрсетілген білім беру грантын алуға басым құқығы бар азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.

6. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды күәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.

7. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

8. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл.

9. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық  емтихан  тапсырған жоғары оқу орнын ғана  көрсетеді.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

10. Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде: 

1) «Алтын белгі» белгімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

11. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

12. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы  көлемінен белгіленген квота бойынша  өткізіледі. 

Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады.

13. Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша олардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен тағайындалады, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

14.  Бiлiм беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос білім беру гранттарын Комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

15. Тиісті куәлiк иелерiнiң тiзiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Иегер білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлік білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады. Осы мамандық бойынша босаған білім беру грантын Комиссия азаматтарға осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

16.  Бiлiм беру грантын беру туралы куәлiкті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей бередi.

Келесі

Мәлімет іздеу
Күнтізбе
«  Июнь 2021  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив
Біздің сайттың достары
  • Сайт құру
  • Бәрі веб-мастерлар үшін
  • Программалар

  • Семей қаласы © 2021