Басты бет | Тіркеуден өту | Кіру | RSSСреда, 16.06.2021, 22:38

Сенің болашағың өз қолыңда!

Сайттың мәзірі
Біздің сұраныс
Сайтқа баға беріңіз
Барлық жауабы: 791
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру формасы

Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарлама


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабы 8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы белгіленсін:

1) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 0,5 пайыз;

2) соғыс ардагерлеріне және соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз;

5) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1 пайыз.

2. Мыналардың:

1) Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы №1188 қаулысы (2002 жылғы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, №39, 404 бап);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы №1188 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы №1276 қаулысы (2004 жылғы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, №48, 612 бап) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәлімет іздеу
Күнтізбе
«  Июнь 2021  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив
Біздің сайттың достары
  • Сайт құру
  • Бәрі веб-мастерлар үшін
  • Программалар

  • Семей қаласы © 2021